Велаяти: Иран мен Ирактың серіктестігі дұшпандардың зұлым жобаларын сәтсіздікке ұшыратты
(last modified Mon, 26 Feb 2018 13:54:30 GMT )
Ақп 26, 2018 19:54 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иран мен Ирактың серіктестігі дұшпандардың зұлым жобаларын сәтсіздікке ұшыратты

Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі «Егер Теһран мен Бағдадтың серіктестіктері болмағанда, Ирак бүгінде дұшпандардың сұм жобалары салдарынан бөлініп немесе лаңкестердің ықтиярында болар еді» деді.

Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Али Акбар Велаяти бүгін дүйсенбі күні Теһранда Ирактың шиіт тайпаларының танымал тұлғаларымен кездесуде екі елдің байланыстарына тоқталып: «Бірлік – ақшаға сатылмайтын қор. Америка мен сионистік режим осы қорды Иран мен Ирактан тартып алуға күш салуда. Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Ирактың бірлігі мен біртұтастығының сақталуына қатты мән береді. Байланыстарды нығайту арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату жолында қадам жасау керек» деді.

Ирак тайпалары кеңсесінің басшысы әрі осы ел шейхтері тобының басшысы Джасим ал-Канани  да кездесуде Ирактың діни басшыларының, әсіресе аятолла Систанидің ДАИШ-ке қарсы джиһадқа шығу туралы шығарған пәтуасына алғыс айтып: «Ирак ирандық бауырларының қолдауымен ДАИШ-ті елден қуып шықты» деді.

 

Тегтер