Амир Абдуллахиан: Иран сионистерге аймақтың қауіпсіздігімен ойнауға рұқсат бермейді
(last modified Tue, 27 Feb 2018 14:31:53 GMT )
Ақп 27, 2018 20:31 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран сионистерге аймақтың қауіпсіздігімен ойнауға рұқсат бермейді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Хосейн Амир Абдуллахиан сионистердің Сирияның Шығыс Ғуте ауданында гуманитарлық апат тудырғанына тоқталып: "Иран сионистерге Таяу Шығыс аймағының қауіпсіздігімен ойнауға рұқсат бермейді.

Сирияда атысты тоқтату бітімі орнаған жағдайда сионистік режим лаңкестік топтарды пайдаланып, Шығыс Ғутеде қайтадан гуманитарлық апат тудырды. Бұл режим аймақты тұрақсыздандырғысы келеді, сондықтан аймақта дағдарыс тудыру үшін ешбір мүмкіндіктен бас тартпайды",-деді.