Зариф: Қауіпсіздік кеңесінде шапқыншыларға қолдау көрсетілді
(last modified Wed, 28 Feb 2018 16:56:46 GMT )
Ақп 28, 2018 22:56 Asia/Almaty
  • Зариф: Қауіпсіздік кеңесінде  шапқыншыларға қолдау көрсетілді

ИИР-ның Сыртқы істер министрі БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің дүйсенбі күні кешке өткен отырысындағы "Иран Йеменге қару жіберді" деген негізсіз уәждерге сүйенген Ұлыбританияның Иранға қарсы қарарына тоқталып: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Йеменге шабуыл жасаған мемлекетке қолдау көрсетілді",- деді.

Иран студенттерінің ИСНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні кешке Болгарияға келіп түскен кезде журналистерге берген сұхбатта: "АҚШ пен одақтастары Иранға қарсы негізсіз айыптауларымен Йемендегі өз қылмыстарын жасырғысы келеді. Иран Йемендегі дағдарыс басталғаннан бері бұл елдің дағдарысының тек саяси жолмен шешілетінін қуаттап, төрт баптан тұратын жоба ұсынды. Бұл жобада Йемендегі соғысты жылдам тоқтату, гуманитарлық көмек жіберу, йемендік топтар арасында келіссөздер жүргізу, сондай-ақ, көршілес елдермен жақсы қарым-қатынас орната алатын үкімет құру қуатталды",- деді.