Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері барлық елдермен қарым-қатынасты кеңейтуді ИИР-ның басты бағыттарының бірі деп атады.
Теһран жұма намазының құтпагері Казем Седдиқи Теһран жұма намазының құтпаларында ИИР-ның барлық елдермен қарым-қатынасты кеңейтуді көздейтінін айтып: «Ислам революциясы жеңіске жеткен соң Иран халқы сионистік режимнен басқа әлемнің барлық елдерімен әрдайым сындарлы қарым-қатынаста болды. Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі салтанатты заманда америкалықтардың өздері үнемі Иранмен жауластықтарын жалғастырды»,-деді.
Теһран жұма намазының уақытша құтпагері әлемдік алпауыт елдерінің, әсіресе Батыс елдерінің Иранның тәуелсіз әрекетіне төзбейтінін айтып: «Олар Иранды маңызды мәселе бойынша шектеп, тек өздерінің ғана дамуына күш салуда»,-деді.
Седдиқи экономикалық санкциялардың дұшпандардың Иранға қысым жасау тәсілдерінің бірі екендігін айтып: «ИИР экономика саласында жаңа төңкеріс жасауы тиіс. Иран үкіметі мен халқы осы мақсаттың орындалуы үшін әріптестік жасауы қажет»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері дұшпандардың кез-келген қоқан-лоққыларына төтеп беру үшін ИИР Қарулы күштерінің қуатын арттыру қажеттігін қуаттап: «Елдің Қарулы күштері өз күш-қуатын арттыруға талпынуы тиіс. Оның қорғаныс қабілетінің жоғарылығы дұшпанды Иранға басқыншылық жасаудан жасқандыруы қажет»,-деді.