Ғасеми: Иран мен Еуропаның сұхбаттасып, пікір алмасып жатқанына ондаған жыл болды
(last modified Sun, 04 Mar 2018 11:27:54 GMT )
Нау 04, 2018 17:27 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Иран мен Еуропаның сұхбаттасып, пікір алмасып жатқанына ондаған жыл болды

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иран мен Еуропаның сұхбаттасып, пікір алмасып жатқанына ондаған жыл болғанын айтып: "Тараптардың кеңесуіне, пікір алмасуына және бір-бірінің көзқарастарын тыңдауға ешқандай кедергі болмаған, қазір де еш тосқауыл жоқ",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми сенбі күні кешке Иран мен Еуропа арасында аймақтық мәселелер жөніндегі келіссөздердің жаңа кезеңі басталғаны туралы хабарлардың таралғанына қатысты: "Кез келген сұхбатты ерекше мағынадағы келіссөз деп атауға болмайды. Мюнхен қауіпсіздік конференциясы (16-18 ақпан) аясында Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары сейіт Аббас Арақчи мен Еуропаның Италия, Франция, Британия мен Германия сияқты бірнеше елі Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары арасында Йеменде өте ауыр жағдайдың қалыптасуына байланысты осы елге қатысты сұхбат болды.

Иран мен Еуропаның сұхбаттары жаңа тақырып емес. Алайда бұл сұхбаттардың Батыстың кейбір ақпарат құралдарының соңғы күндері жазған мақалаларына қатысы да, ұқсастығы да жоқ, болмайды да",-деп қуаттады.

Батыстың ақпарат агенттіктері, соның ішінде  Reuters бейсенбі күні Еуропа елдерінің АҚШ Президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты шешім қабылдау мерзімі жақындаған соң ирандық басшылармен "Иранның аймақтағы рөлі" туралы сұхбаттарды бастағанын жазды.