Рухани: Иранда инфляция бір таңбалы
https://itolqyn.com/news/iran-i35283
ИИР Президенті: "Иранда инфляция 26 жылдан кейін бір таңбалы санмен өлшенетін болды. Иранның Орталық банкі осы жолын жалғастыруы керек",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 05, 2018 08:22 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранда инфляция бір таңбалы

ИИР Президенті: "Иранда инфляция 26 жылдан кейін бір таңбалы санмен өлшенетін болды. Иранның Орталық банкі осы жолын жалғастыруы керек",- деді.

Хасан Рухани  Иранның Орталық банкінің Теһрандағы 57-ші сессиясында: "Иран үкіметі мен Орталық банкінің өткен төрт жылдағы экономикалық саясаты экономикалық факторларға сүйенген табысты саясат болды",- деді.

Иран Президенті өз елінде өткен екі жылда инфляцияның бір таңбалы санмен өлшенгенін мәлім етті.

Рухани Иранның көптеген күш-қуатқа ие мемлекет екенін қуаттап: "Иран 2016 жылы әлем бойынша экономикалық даму тұрғысынан бірінші орынға ие болды. Бұл Иран халқының табандылығы, мұнай экспортының артуы, дипломатиялық белсенділігі мен  ирандық өндірушілердің жұмысының нәтижесі болды",- деді. Иран Президенті сонымен бірге ирандық банктердің халықаралық қарым-қатынастарының артуына сілтеме жасап: "Әлемдік банктердің ирандық банктерге сенім артуы – инвестицияның айқындылығының нәтижесі. Иранның Статистика орталығының алты айлық есебі бойынша, мұнайды қоспағанның өзінде Иранның экономикалық дамуы алты пайызды құраған",- деді.