Рухани: Иранда инфляция бір таңбалы
ИИР Президенті: "Иранда инфляция 26 жылдан кейін бір таңбалы санмен өлшенетін болды. Иранның Орталық банкі осы жолын жалғастыруы керек",- деді.
Хасан Рухани Иранның Орталық банкінің Теһрандағы 57-ші сессиясында: "Иран үкіметі мен Орталық банкінің өткен төрт жылдағы экономикалық саясаты экономикалық факторларға сүйенген табысты саясат болды",- деді.
Иран Президенті өз елінде өткен екі жылда инфляцияның бір таңбалы санмен өлшенгенін мәлім етті.
Рухани Иранның көптеген күш-қуатқа ие мемлекет екенін қуаттап: "Иран 2016 жылы әлем бойынша экономикалық даму тұрғысынан бірінші орынға ие болды. Бұл Иран халқының табандылығы, мұнай экспортының артуы, дипломатиялық белсенділігі мен ирандық өндірушілердің жұмысының нәтижесі болды",- деді. Иран Президенті сонымен бірге ирандық банктердің халықаралық қарым-қатынастарының артуына сілтеме жасап: "Әлемдік банктердің ирандық банктерге сенім артуы – инвестицияның айқындылығының нәтижесі. Иранның Статистика орталығының алты айлық есебі бойынша, мұнайды қоспағанның өзінде Иранның экономикалық дамуы алты пайызды құраған",- деді.