Рухани: АҚШ үнемі "Ортақ қадамды" жүзеге асыруға кедергі жасап келді
(last modified Mon, 05 Mar 2018 08:29:37 GMT )
Нау 05, 2018 14:29 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ үнемі

ИИР президенті: "Иран "Ортақ қадам" бағдарламасы негізіндегі міндеттемелерін жүзеге асырды, бірақ, өкінішке орай, АҚШ үнемі осы халықаралық келісімді жүзеге асыруға кедергі жасап келді",- деді.

ИИР президент Хасан Рухани жексенбі күні кешке Франция президенті Эммануель Макронмен телефон арқылы сұхбатта барлық тараптардың "Ортақ қадамға" берік болуы қажеттігін тағы қуаттап: "Теһран қарсы тараптар "Ортақ қадам" бағдарламасына сай әрекет еткенге дейін өз міндеттемелеріне берік болып қалады",- деп мәлімдеді.

Рухани "Ортақ қадамға" қатысты қосымша келіссөздер өткізу жайлы кейбір қаңқу сөздерге сілтеме жасап: "Жеті мемлекет өзара келісімге келіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі оның растады. Иран осы келісімге сәйкес өз міндеттемелерін орындады",- деді.

ИИР президенті сондай-ақ, Йеменде ашаршылық пен жұқпалы аурулардың  жаппай таралуы мен осы елдің қорғансыз қалаларын үсті-үстіне омбалау жағдайына тоқталып, Йеменнің мазлұм халқына көмектесу үшін Еуропаның, әсіресе Францияның шынайы түрде әрекет етуін сұрады.

Франция президенті Эммануель Макрон телефон арқылы сұхбатта Иранмен жарқын, берік әрі тұрақты қатынастарды орнатуды қалайтынын баса айтып: "Париж "Ортақ қадам" бағдарламасын қорғау үшін бар күшін салды. Бұл қорғау Париж үкіметінің айқын саяси бағдары саналады. Франция ешқашан "Ортақ қадам" жайлы жаңа келіссөздерді талап еткен жоқ. Бірақ Иранмен басқа мәселелерге қатысты сұхбаттасуды қалайды",- деп баса айтты.