Жан-Ив Ле Дриан Теһранға келді
Бүгін, дүйсенбі күні таңертең Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Теһранға ресми сапармен келді.
Франция СІМ-нің Теһран сапары барысында жүзеге асыратын келіссөздері саяси-экономикалық ынтымақтастықтар туралы сұхбаттасу, аймақтық және халықаралық мәселелер жайлы кеңесу және Франция президенті Эммануель Макронның Теһранға сапарына дайындық шараларын іске асыруға бағытталған.
Франция СІМ Теһран сапарының алдында: "Иранның зымырандық бағдарламасы Франция мен оның серіктестері үшін алаңдаушылық тудыратын фактор",- деген уәж айтқан болатын. Бұл сөздерге Иран СІМ айқын әрі нақты жауап қайтарды. Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні кешке Теһранда тілшілердің алдында батыс елдерінің Иранның зымырандық қуатына қатысты ұстанымын анықтау қажеттігін баяндап: "Егер еуропалық тарап Иранның қорғаныстық қуаты мәселесін көтеретін болса, онда өзінің аймаққа жүздеген миллиард доллар көлемінде қару сатуы мен бұл аймақты оқ-дәрі қоймасына айналдырғанына қатысты да позиция ұстана ма?",- деді.
Франция басшыларының бұрынғы ұстанымдарына байланысты Ле Дрианның мұндай сөз айтуы таң қаларлық жайт емес.
Геосаясат пәнінің профессоры әрі халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Абдулреза Фараджирад: "Франция өз ісін Парсы шығанағындағы араб елдерімен үйлестіруге мәжбүр. Себебі, Францияның маңызды табыстарының бірі Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн мен т.б. елдерге қару-жарақ сатудан түсіп отыр",- деді.
Алайда Зариф кеше жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде: "Егер Еуропа бұл сұхбаттарды АҚШ-тың уәждері мен қалауларына жауапқа айналдыруға талпыныс жасағысы келсе, бұл шындыққа жанаспайтын мәселе әрі саяси- жарнамалық әрекет қана"- деді.
Франция "Ортақ қадам" бағдарламасын қолдайды, бірақ АҚШ-тың пікірлері мен кеңістік тудыру әрекеттерінің ықпалымен Иранның қорғаныстық-зымырандық қуатын алаңдаушылық тудыратын және аймақ тұрақтылығын бұзатын мәселе деп атап отыр. Францияның мемлекеттік қайраткерлері өз саясаттарын тәуелсіз етіп көрсетуге талпыныс жасағанымен, Париждің Вашингтонмен бағыттас болуы бұған қайшы пікірді көрсетіп отыр.
Иранның қауіп-қатерлер мен қоқан-лоққыларға байланысты өзінің қорғаныстық қуатын арттырып жатқанына ешбір күмән жоқ.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи біраз уақыт бұрын жас интеллигенцияның өкілдері мен ғылыми дарынды тұлғаларды қабылдауында: "Еуропалықтар АҚШ үкіметінің әрекеттеріне, әсіресе "Ортақ қадамды" бұзу әрекеттеріне қарсы тұрып, америкалықтарды Иранның қорғаныстық қуаты мен Иранның аймақтағы құзыры секілді мәселелерге қатысты қолдауынан бас тартауы тиіс. Себебі, біз еуропалықтардың АҚШ-тың күш көрсету әрекеттерімен үндес болуын ешқашан қабылдамаймыз",- деп баса айтқан болатын.
Осындай әрекеттердің тәжірибесі Иранға қоқан-лоққы жасаған немесе күш көрсеткен кез келген сөздің сәтсіздікпен аяқталатынын көрсетті.
Иран президенті Хасан Рухани жексенбі күні кешке Франция президенті Эммануель Макронмен телефон арқылы сұхбатында "Ортақ қадамға" қатысты қосымша келіссөздер жайлы кейбір қаңқу сөздерге сілтеме жасап: "Қазіргі жағдайдағы маңызды жайт, ол Еуропа одағының АҚШ-тың "Ортақ қадамға" толық табандылығы бағытында әрекет етуі саналады",- деді.
Теһран келіссөздерінен Францияның Иранмен қатынастарына байланысты ақылға қонымды әрі айқын ұстанымға ие екенін және Трамп пен Парсы шығанағы жағалауындағы кейбір елдердің Иранға қарсы қате пікірлері мен сөздерінің ықпалына түспейтіні күтіліп отыр.
Америкалық сарапшы Гарет Портер айтып өткендей, еуропалықтардың Вашингтонның алдында тағзым ететін, етпейтінін күтіп, бақылауымыз керек.