Шамхани: Иранның қорғаныстық әлеуетін нығайту елдің тежеуші саясатын жүзеге асыруды көздейді
(last modified Mon, 05 Mar 2018 14:45:07 GMT )
Нау 05, 2018 20:45 Asia/Almaty
  • Шамхани: Иранның қорғаныстық әлеуетін нығайту елдің тежеуші саясатын жүзеге асыруды көздейді

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Ислам республикасының қорғаныстық әлеуетін, әсіресе зымырандық күшін нығайтуды елдің тежеуші саясатын жүзеге асыру бағытындағы қажеттілігі деп атады.

Али Шамхани дүйсенбі күні Теһранда Франция Сыртқы Істер Министрі Жан-Ив Ле Дрианмен кездесуде: «Иранның қорғаныстық әлеуеті ешбір елге қатер төндірмейді. Оны саяси тақырыптарға әсер еткізбей дамыту қауіпсіздік қажеттіліктері мен артып келе жатқан қоқан-лоққылардан туындап отыр» деді.  
Шамхани еуропалық тараптардың «Ортақ қадам» бағдарламасындағы міндеттерін толығымен орындауды жылдамдату қажеттігін қуаттап: «Еуропаның Америкаға «Ортақ қадам» келісімінде қалдыру үшін ұпай беру саясаты – қателік. Бұл олардың Дональд Трамптың психикалық ойыны алдында әлсіздік танытып, мойынсұнғанын білдіреді» деді.
Франция СІМ Жан-Ив Ле Дриан кездесуде Иранның «Ортақ қадам» келісіміне қатысты белсенді қатынасы мен міндеттерін толық орындауына алғыс айтып: «Франция «Ортақ қадам» келісіміне қол қойған тараптардың өз міндеттеріне берік болуы керектігін қуаттап, Американың ұстанымын осы халықаралық келісімнің әлсіреуінің себебі санап, оған қарсылық білдіреді» деді. 
Ле Дриан Франция мен еуропалық басқа елдер тарапынан Иранмен банктік байланыстарды жеңілдету мақсатындағы әрекеттерінің жүзеге асырылып жатқанына тоқталып: «Жақында Иран мен Франция арасында қаржы және банктік байланыстар үшін жаңа шешім жолдары жарияланады» деді.