Зариф: Еуропалықтар Американы «Ортақ қадам» келісімінде қалдыру үшін әсірешілдікке ұрынды
Иран Сыртқы Істер Министрі еуропалық елдердің Американы «Ортақ қадам» келісімінде қалдыру үшін әсірешілдікке ұрынғанын айтып, әрекеттерінің соңында Еуропаның өзінің саясатына соққы беретінін қуаттады.
Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф бүгін дүйсенбі күні шыққан «Этемад» газетіне берген сұхбатта Америка президенті Дональд Трамптың еуропалықтарға «Ортақ қадам» келісімін жалғастыру туралы қойған шартына сілтеме жасап: «Олар «Ортақ қадам келісімін толық орындаған ел үшін шарт қоятындай жағдайда емес» деді.
Иран СІМ Брюссель-Вашингтон ортақ әрекеттері алдында Теһранның немқұрайдылық танытпайтынын айтып: «Иран Трамп әзірше олардың ешбіреуі жүзеге аспайтын ұрандар айтты деп санайды. Бірақ, егер оның ұрандары іске асса, Теһран оларға тиісті жауап береді» деді.
Зариф сонымен қатар батыстықтардың Иранның қорғаныстық әлеуеті туралы келіссөз өткізу үшін талпыныс жасап жатқанына сілтеме жасап: «Еуропалықтар мен америкалықтар тек өткен бір жылы ғана Сауд Арабиясына 67 млрд долларға, Парсы Шығанағы елдеріне 116 млрд долларға қару сатты. Сол себепті, Иранның қорғаныстық қуаты туралы келіссөз – негізсіз тақырып» деді.