Ғасеми: Al-Monitor торабының Иран туралы уәждері дұрыс емес
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы америкалық Al-Monitor сараптама торабының Америка үкіметі тарапынан «Ортақ қадам» келісімі мен Иранның ядролық бағдарламасын бақылауды күшейту мақсатында бақылау құрылғыларын экспорттау үшін лицензияның берілгені туралы уәждеріне білдірген реакцияда Al-Monitor торабының Иран туралы уәждерін шындыққа жанаспайды деп атады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің мәліметі бойыша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми бүгін дүйсенбі күні ИИР-ның «Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу» келісіміне қол қойғанын, бірақ оны бекітпегенін айтып: «Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу келісімінің Иранда ешбір сайты немесе бақылау жасайтын белсенді құрал-жабдықтары жоқ. Ираннан аталмыш келісімнің хатшылығына ешқандай мәлімет жіберілмейді» деді.