Ислам революциясының жетекшісі Теһранда жуырдағы бейберекеттіктер кезінде шәһид болған азаматтардың бірінің үйіне барды
(last modified Wed, 07 Mar 2018 09:01:14 GMT )
Нау 07, 2018 15:01 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Теһранда жуырдағы бейберекеттіктер кезінде шәһид болған азаматтардың бірінің үйіне барды

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні кешке Теһранда жуырдағы бейберекеттіктер кезінде шәһид болған Мұхаммад Хосейн Ходадианның үйіне барды.

2018 жылдың ақпан айының 19 күні бір топ бүлікші Теһранның Пасдаран көшесінде бейберекеттік орнатпақ болды. Иранның қауіпсіздік және полиция күштерінің Теһранның Пасдаран көшесінде тыныштық пен қауіпсіздік орнату әрекеттері кезінде 3 полиция мен 2 ерікті күш, соның ішінде Мұхаммад Хосейн Ходадиан шәһид болды.

Автобусқа мініп, адамдарды басқан бүлікшілердің бірінің әрекетінен полицияның 3 қызметкері шәһид болды.

Шәһид Мұхаммад Хосейн Ходадиан да бүлікшілердің бірінің көлігінің астына түсіп, қаза болды. Екінші ерікті күшке бүлікшілер пышақ салып, шәһид етті.

 

 

Тегтер