Нау 09, 2018 20:49 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Араб одағының төртжақты комитетінің Иранға қарсы мәлімдемесі қисынсыз

ИИР СІМ-нің Ақпарат хатшысы Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн және Мысырдан құрылған Араб одағы комитетінің Иранға қарсы мәлімдемесін шындыққа жанаспайтын, қисынсыз деп атады.

Иран СІМ-нің Ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми бейсенбі күні Абар одағының төртжақты комитетінің Иранның "Ортақ қадамға" сәйкес міндеттемелеріне берікті туралы мәлімдемесіне, негізсіз күмән тудыруы мен орынсыз араласуына реакциясында: "Бұл мәлімдемедегі Иран жайлы айтылған сөздер толығымен құнсыз, шындыққа жанаспайды және қисынсыз. Негізінде, олардың бұл мәселелерге қатысты сөз айтатындай ешқандай құзыреті жоқ. ИИР аймақ тұрақтылығы мен қауіпсіздігінде сындарлы рөл атқарады. Йемендегі басқыншылық, қирату және адами апаттың пайда болуы мен аймақтағы лаңкестік пен әсірешілдіктің дамуына жауапты негізгі мемлекеттер өздерінің кінәсін біреуге тағуды, бүлдіргі рөл атқаруды, аймақта бұдан да қатты дағдарысты тудыруды және сионистік режимге жағымпаздану үшін саяси масқарашылықты  доғаруы тиіс. Сондай-ақ, Ираннан үркіту саясатының сәтсіздікке ұшырағанын білгені жөн",- деді.

 

 

Тегтер