Иранның аймақтағы құзырының АҚШ пен Еуропаға қатысы жоқ
(last modified Fri, 09 Mar 2018 15:01:25 GMT )
Нау 09, 2018 21:01 Asia/Almaty
  • Иранның аймақтағы құзырының АҚШ пен Еуропаға қатысы жоқ

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иран халқының кез келген басқыншыны өз орнына қоюға үнемі дайын екендігін айтып: "Иранның аймақтағы құзырының АҚШ пен Еуропаға қатысы жоқ",- деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі бейсенбі күні Аһле бейтті (ғ.с) мадақтаушы ақындарды қабылдауында америкалық және еуропалық басшылардың Иранның аймақтағы құзырына қатысты талаптарына сілтеме жасап: "АҚШ-тың өзі барлық жерде қаскөйлік және арандатушы мақсатпен орналасқан жағдайда Иранның аймақтағы құзыры жайлы үнемі күмән тудырып келеді",- деді. Хазірет аятолла Хаменеи ИИР-ның аймақтағы құзыры үшін аймақ елдерінің үкіметтерімен келіссөз жүргізіп, сұхбаттасуы керектігін баяндап: "АҚШ-та құзырға ие болғымыз келгенде сіздермен сұхбаттасамыз!",- деді.

Хазірет еуропалық басшылардың Иранмен оның аймақтағы орналасуы жайлы келіссөз жүргізуге қызығушылығына қатысты сауалдың жауабында бұл мәселенің еуропалықтарға да қатысы жоқ екендігін мәлімдеді.

Ислам революциясының жеңісінен кейін ИИР тәуелсіз ойыншы ретінде амал етіп, АҚШ пен Еуропаның еркінен тыс өзі мен Батыс Азия халықтарының стратегиялық мүдделерін көздеп келді. Иран бейбіт өмір сүру және тату көршілестік қағидасына байланысты жалпы қоғамдық-аймақтық сұхбаттасу шеңберінде аймақтың саяси теңгерімі мен қауіпсіздігін бақылады. Аймақтан тыс мемлекеттердің араласуынсыз аймақта тұрақты қауіпсіздік орнату мақсатындағы аймақтық сұхбаттасулар ИИР-ның сыртқы саясатындағы негізгі принцип саналады. Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің аймақ мәселелері мен қиындықтарын шешу мақсатында "Аймақтық сұхбаттасулар ассамблеясын" құру туралы ұсынысы Иранның Батыс Азия аймағында тыныштық орнату мақсатындағы ықпалды әрі сындарлы құзырының нышаны саналады.

ДАИШ-тың Ирак пен Сирияда орнатқан билігінің құлдырауы Ирак пен Сирияның заңды үкіметтерімен ынтымақтастық пен келіссөз жүргізудің арқасында Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың осы аймақтағы қастандық әрекетінің іске асуына жол бермеген ИИР-ның Батыс Азия аймағындағы сындарлы және жауапты құзырының келешегіне әсер етті. Аймақ халықтарына көңіл бөліп, дұшпандарға қарсы оларға көмектесу – аймақтағы ықпалды мемлекет ретіндегі Иранның табиғи міндеті. Ливаннан бастап Сирия, Ирак пен Йеменге дейінгі қарсыласу өзегінің қазіргі табысы әрдайым даму үстіндегі аймақтық ынтымақтастықтың әсерлі үлгісі болып табылады.

Батыс елдері, әсіресе Франция, Ұлыбритания мен АҚШ Иранның аймақтағы рөлін бүлдіргі санап отыр. Бұл Сириядағы түрлі лаңкестік топтар осы үш елдің қолдауының нәтижесінде құрылып, қаруланып, сондай-ақ, Йемен соғысы үш жылдан бері Франция, Ұлыбритания мен АҚШ-тың қару-жарақтарымен жүргізіліп жатқан жағдайда орын алып отыр. ИИР-ның аймақтағы ықпалды құзыры АҚШ бастаған батыстың отаршылдығы мен үстемшілдігінің  көзін құртты. Дәл осы жағдай Еуропа мен АҚШ-тың олардың саяси құзіретінен тыс аймақтағы Иранның құзыры мен рөлі жайлы сұхбаттасуды қалап, оған күш салуына себеп болды. Олардың 40 жыл бойғы Иран халқымен арадағы дұшпандығы дәл осы шеңбердің аясында орналасқан. Жуырда Иранның бірнеше қаласында орын алған тынышсыздықтар Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың басқаруымен қалыптасты. Бірақ ислам революциясының жетекшісі айтып өткендей: "Иран халқы кез келген басқыншыны өз орнына қоюға үнемі дайын".

Иранның аймақтағы оң әрі әсерлі құзырына қайшы саналатын бөгделердің Батыс Азия аймағына араласуы аймақта өзара әрекеттестіктің пайда болуының орнына аймақтағы тынышсыздықтың артып, лаңкестік, бөлінушілік пен қарсыласудың етек жаюына әкеліп соқтырды.