Иран үшін Ауғанстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі өте маңызды
(last modified Sat, 10 Mar 2018 10:37:42 GMT )
Нау 10, 2018 16:37 Asia/Almaty
  • Иран үшін Ауғанстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі өте маңызды

Иранның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрі Ауғанстанның Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасарымен кездесуде ИИР-ның Ауғанстанда қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін күшін аямайтынын мәлімдеді.

Бригада генералы Амир Хатами бейсенбі күні Теһранда Ауғанстанның Ұлттық қорғаныс министрінің саяси және стратегиялық істер жөніндегі орынбасары Ахмад Тамим Асимен кездесуінде ИИР-ның барлық көршілес елдер үшін бейбітшілік, тыныштық пен қауіпсіздік тілейтінін баяндап: "Осы арада Ауғанстан Иран үшін ерекше орынға ие болғандықтан, ИИР Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін талпыныс жасап келді",- деп баса айтты. Ахмад Тамим Аси де ИИР-ның қауіпсіздігін Ауғанстанның қауіпсіздігі деп атап: "Кабул исламдық Иранға қарсы кез келген қоқан-лоққы мен алаңдаушылыққа төзбей, қарсы тұрады",- деп мәлімдеді.

ИИР үшін шығысындағы көршісі Ауғанстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі стратегиялық маңызға ие. Екі мемлекет ортақ мәдениет пен дін және екі халық арасындағы ертеден келе жатқан қатынастарына байланысты бір-бірі үшін өте маңызды. Ос мәселелер бәрінен бұрын Иранның Ауғанстандағы өзгерістерге қатысты назарын екі есе арттырды. Ауғанстандағы тынышсыздық пен тұрақсыздықтың салдары Иран үшін анық байқалды. Соңғы 40 жылдың ішінде 3 миллион ауғандық босқынның Иранда орналасуы осыған дәлел. Иран Ауғанстанның көршісі ретінде бұл елдің босқындарын құшақ жая қарсы алып, Ауғанстандағы қауіпсіздік пен экономикалық даму ауған босқындары өз еліне оралатындай деңгейге жетуі үшін күш салды.

Ауғанстандағы тынышсыздық пен тұрақсыздық Ауғанстандағы шетелдік әскерилердің құзырының көлеңкесіндегі есірткі заттарының өндірісі мен контрабандасы он есе артқан бұл елдегі басқыншылықтың салдары болып табылады. Шетелдік әскерилердің Ауғанстанда орналасуына 16 жыл толумен бұл елдегі тынышсыздық одан бетер арта түсті. БҰҰ-дағы Иранның өкілі Ғоламали Хошру бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ауғанстанға қатысты өткен отырысында: "Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселесі одан бетер нашарлай түсті. Ауғанстанның Ұлттық бірлік үкіметі лаңкестікпен қатаң түрде күресуде. Бұл елде бейбітшілік пен тұрақты дамуға қол жеткізу үшін халықаралық қауымдастықтың қолдау көрсетуі күтілуде",- деді.

2017 жыл Ауғанстан халқы, әсіресе астана тұрғындары үшін қанды жыл болды. Кабул мен Ауғанстанның басқа аймақтарындағы лаңкестік шабуылдардың артуы Ауғанстандағы лаңкестікпен күресте бәрінен бұрын аймақтық ынтымақтастықты талап етеді. Ауғанстанның Ұлтық бірлік үкіметіне қолдау көрсету лаңкестікпен күресте жеңіске жету үшін өте қажет. ИИР Ауғанстанның Ұлттық бірлік үкіметіне қолдау көрсете отырып, Иранның шығысындағы көрші елде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату үшін көп талпыныс жасады. Иран мен Ауғанстан халықтарының ертеден келе жатқан байланыстары мен мәдени және діни ортақтастықтарына байланысты екі елдің қауіпсіздігі бір-бірінен ажырағысыз саналады.

ИИР Ауғанстан үкіметімен аймақтық ынтымақтастықтарды кеңейтуді осы ел мен аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа жетудің негізгі жолдарының бірі екенін бірнеше рет баса айтты. Аймақтағы бөгделердің орналасуы  халықтарға ешқашан пайдасын тигізген жоқ. ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстандағы ықпалы, сонымен қатар бұл елде тынышсыздық пен есірткі өндірісінің артуы аймақтағы шетелдік және аймақтан тыс әскерилердің құзыры аймақ халықтары мен елдері мүдделерінің аясынан тыс екенін дәлелдеді. Ауғанстанның қазіргі жағдайын назарға алатын болсақ, ДАИШ-тың бұл елдегі жоспарлы құзыры Ауғанстан қауіпсіздігінің шиеленісуіне алып келеді.  Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары бригада генералы Мұхаммад Ахади ДАИШ-ты құрып, Сирия мен Иракта оларға қолдау көрсеткендердің бүгін лаңкестерді Ауғанстанға көшіру үшін жоспар құрып жатқанын айтты.

Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайының шиеленісе түсуі мен оның Иранға әсеріне байланысты Теһран мен Кабул ынтымақтастықтарын кеңейтіп, Ауғанстанның Иранның қауіпсіздік саласындағы тәжірибелерін пайдаланудың қажеттілігі сезіледі. Ауғанстан Ұлтық қорғаныс министрі орынбасарының Иранға сапары дәл осы шеңберде бағаланып отыр.