Бруджерди: Иран елшілігіне жасалған басқыншылық Англия полициясының келісімімен жүзеге асырылды
(last modified Sat, 10 Mar 2018 13:11:29 GMT )
Нау 10, 2018 19:11 Asia/Almaty
  • Бруджерди: Иран елшілігіне жасалған басқыншылық Англия полициясының келісімімен жүзеге асырылды

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық саясат комитетінің төрағасы Лондондағы Иран елшілігінің балконына адамдардың баса-көктеп енуінің Англия полициясының келісімімен немесе сол елдің қауіпсіздік күштерінің көзжұмбайлығынсыз жүзеге асырылуы мүмкін емес»деді.

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық саясат комитетінің төрағасы Алаэддин Бруджерди Лондондағы Иран елшілігіне жасалған шабуыл туралы: «Англиядағы немесе әлемнің кез келген жеріндегі Иран елшілігінің қауіпсіздігінің барлық жауапкершілігі тиісті конвенция негізінде жергілікті үкіметке жүктелген. Сол себепті Англия үкіметі ИИР-ның елшілігіне жасалған басқыншылықтың барлық жауапкершілігін қабылдап, әрекет етуі керек» деді.

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық саясат комитетінің төрағасы елшіліктерді қорғау ісінің қауіпсіздік күштері мен полиция тарапынан жүзеге асырылатынын айтып: «Англия үкіметі Лондондағы ИИР-ның өкілдігіне қарсы қауіпсіздік саласындағы бассыздықтың жауапкершілігін мойнына алып, осы тұрғысында жауап беруі тиіс» деп қуаттады.

Өздерін «Ширази» сектасының жақтастары деп атаған бір топ жұма күні кешке Лондондағы Иран елшілігіне баса-көктеп кірді. Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы жұма күні кешке басқыншылардың ұсталғанын, қойылымдық бүліктің аяқталғанын айтты.

«Ағылшындық шиіттер» деп аталатын «Ширази» сектасы «Сейед Садеқ Ширази» деген адамның ықпалында. Бұл секта сүнниттердің қасиеттіліктеріне құрметсіздік көрсетеді.