Иранға қарсы сегіз жылдық соғыстың себебі әлемдік алпауыт елдердің ислам революциясының әсерінен қорқуында
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Саддамның Баас режимінің сегіз жылдық соғыс ашуының себебін Иранның Ислам революциясының ұлылығы деп атады.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сенбі күні «Раһиане нур» сапарына аттанатын жастар мен жасөспірімдермен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Ислам революциясы пайда болғанда революцияның ұлылығы әлемдік күшті дұшпандарды қорқытты. Ислам революциясының дұшпандары ислам революциясы әлемнің мұсылман халықтарының арасында, сонымен қатар басшылары Америкаға бағынышты елдерде қолдауға ие болып, халықтардың ислам революциясының мүддесіне ұран айтқанын көрген кезде қалай болғанда да осы революцияның көзін жоюды мақсат етті.
Ислам революциясының дұшпандары Ирактың диктаторы Саддамның бойында кеудемсоқтық пен зұлым қозғалыс қалыптастыру негізі бар және табиғатынан басқыншы әрі зорлықшыл адам екенін білді.
Америка, Англия, Франция, Италия мен Германия, - осы елдердің барлығы Саддамға жақтасып, қолдарынан келгенше оған көмектесті. Америкаға қарсы Кеңес одағы да Саддам соғысы кезінде Америкаға жақтасты. Себебі, Кеңес одағында мұсылмандар тұратын республика көп болды. Кеңес одағы ислам революциясы сол республикалардың халықтары исламдық болмыстарын қайтару туралы ойланады деп қорықты» деді.
Қасиетті қорғаныс кезеңі – сегіз жылдық соғыс аяқталған соң (1980-1988 ж.ж. Ирак диктаторы Саддамның Баас режимінің Иранға таңған соғысы) халықтың өтінішімен соғыс кезіндегі жерлерді аралап, көру үшін «Раһиане нур» деп аталған үрдіс пайда болды.
Жылына миллиондаған адам, соның ішінде мыңдаған шетелдік турист «Раһиане нур» керуені қалпында Иранның батысы мен оңтүстік-батысындағы Қасиетті Қорғаныс жылдарынан қалған ескерткіштерді көріп қайтады.