Қасиетті қорғаныс кезеңінің құндылықтары: Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сенбі күні «Нұр жолындағылар» керуеніне қатысушы оқушылар мен студенттердің бір тобымен кездесуінде Қасиетті қорғаныс кезеңін Иран мен Ислам революциясы тарихындағы алтын парақ әрі нұрлы дастан деп атап: «ИИР мен халық қазіргі өзінің абырой-айбыны, қауіпсіздігі, тәуелсіздігі мен амандығы үшін 8 жылдық Қасиетті қорғаныс кезеңіне қарыздар»,-деді.
Соғыстардың әдетте әдетте қирату, жою, өлтіру сияқты салдарлары болады. Алайда Қасиетті қорғаныс кезеңі, құндылықтарды сақтау және армандар мен принциптерге табандылық таныту жайлы сөз болғанда соғыс мәңгілік құнды ағымдар мен ішкі серпілістер, тілеулестіктің нығаюы мен жанпидалықтардың бастауы бола алады. Бұл қасиеттер 8 жылдық Қасиетті қорғаныс кезеңінде гүлденіп, дұшпанға қарсы соғыстың ауыр да дағдарысты жағдайын Иран жерін қорғауға бағытталған мәңгілік құндылықтарды тудырған мүмкіндікке айналдырды. Бұл соғыста шектен тыс талап етуші зорлықшыл алпауыттар Иракты өздерінің мақсаттарына бола қолдап, революцияны жеңіліске ұшыратып, ИИР-ның жаңа қалыптасқан режимін құлатуды көздеді.
Хазірет аятолла Хаменеи АҚШ пен Еуропа елдерінің, әсіресе Ұлыбритания, Франция мен Германияның, сондай-ақ Кеңес одағының Саддамның Баас режиміне қаржылай және қару-жарақпен кең түрде қолдау көрсеткеніне тоқталып: «Соғыстың орта шенінде Франция өзінің ең дамыған ұшақтары мен тікұшақтарын, Германия ашық та жасырын түрде химиялық заттарын Саддамның ықтиярына берді. Соғыс аяқталғаннан 30 жыл өтсе де, сол химиялық қарулардан зиян шеккен адамдардың саны әлі көп. Көптеген адамдар сол улы заттардың салдарынан шәһид болды»,-деді.
Бүгінде Ислам революциясы тарихының парақтары таусылмайтын тарау ретінде шаһадат пен жанпидалық сияқты құнды қасиеттер мен наным-сенімдерді баяндайды. Бұл құндылықтар келесі ұрпаққа қалыптасқан саяси теориялар арқылы түсіндіруге келмейтін сабақ беріп келеді.
Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, әлемдік алпауыттар Саддамның Баас режиміне жан-жақты қолдау көрсетіп жатқанда ИИР-ның ықтиярында болған жалғыз тірек – иманды халық пен имам Хомейни (р.) сияқты айбынды жетекші. Соның нәтижесінде әлемдегі шайтан сипатты алпауыттардың барлық талпыныстары сәтсіздікке ұшырап, Иран халқы 8 жылдық Қасиетті қорғаныс кезеңінде бүкіл алпауыттарды жеңді.
Майкл Фишер «Иран: діни дискуссиядан революцияға дейін» атты кітабының бір бөлігінде осы жайтқа тоқталып: «Діни-революциялық мәдениеттің арқасында халықтың бойында пайда болған өзгеріс революцияның қалыптасып, жеңіске жетуіне себеп болды»,-деп жазды.
Иран халқы абырой-айбынының шынайы қайнар көзі – шын мәнінде иман мен Ислам революциясының ақиқатына сену. Бұл сенім 39 жыл өткенімен, әлі күшті сақталып, Ислам революциясының мәдениеті мен дискурсына айналды.
Ислам революциясының жетекшісі еске салғандай, Қасиетті қорғаныс кезеңі – қор. Дұшпандардың оны ұмыттыруға талпынуына керісінше, Иранның дамуы, ұлттың қарыштауы, халық пен жастардың әртүрлі алаңдарда дайын болуы үшін бұл қор сергек сақталып, ұдайы еске алынып тұруы тиіс.
«Нұр жолындағылар» керуеніне қатысушы оқушылар мен студенттердің таңылған соғыс болған аймақтарды көріп қайтуы Қасиетті қорғаныс кезеңінің жанпидалық және шаһадат талап етушілік сияқты құндылықтарының әлі күнге дейін сақталғанын көрсетеді.