Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд әулетінің Иранға қарсы ұстанымдарына реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/iran-i35479
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд әулетінің Иранға қарсы ұстанымдарына қатысты реакциясында оны Сауд Арабиясының аймақтағы сәтсіздіктерінің белгісі деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 12, 2018 16:51 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд әулетінің Иранға қарсы ұстанымдарына реакция білдірді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд әулетінің Иранға қарсы ұстанымдарына қатысты реакциясында оны Сауд Арабиясының аймақтағы сәтсіздіктерінің белгісі деп атады.

Бахрам Ғасеми Al-Alam телернасына берген сұхбатында: "Сауд Арабиясы Йеменнің батпағына малтыққар. Бұл мемлекеттің халқы үздіксіз шабуылдар мен жан-жақты қоршауға қарамастан Сауд әулетін өз мақсаттарына жетуде сәтсіздікке ұшыратты. Сондықтан ол Иранға қарсы позиция ұстанып отыр.

Иран Йеменге ешқандай қару жіберген жоқ. Бұл елдің қару-жарақ қоймалары Кеңес одағы кезеңімен байланысты. Йемендіктер кезінде Кеңес одағынан сатып алған қару-жарақтарды жетілдірген",- деп баса айтты.

Ғасеми Йемен дағдарысының тек сұхбаттасу мен саяси шешім арқылы шешілетінін қуаттап: "БАӘ Сауд Арабиясының Йеменге басқыншылығында елеулі рөл атқарады. Халықаралық қылмыстық Сот БАӘ-нің теріс рөліне назар аударуы тиіс",- деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы сондай-ақ Иран мен АҚШ-тың өзара әрекеттестігі жайлы: "Вашингтон ислам елдерінің ішінде қиындықтар тудырып, оларды бір-бірімен қақтығысқа түсіруді көздеп отыр",- деді.