Иран СІМ Пәкістанмен екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту қажеттігін қуаттады
(last modified Mon, 12 Mar 2018 10:59:27 GMT )
Нау 12, 2018 16:59 Asia/Almaty
  • Иран СІМ Пәкістанмен екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту қажеттігін қуаттады

ИИР Сыртқы істер министрі Теһран мен Исламабад арасындағы екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту қажеттігін қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні кешке Исламабадқа аттанар алдында тілшілердің алдында сөйлеген сөзінде: "ИИР Исламабад үкіметімен банк саласындағы қатынастарды жақсарту, жеңілдікті тарифті оңтайландыру және екіжақты еркін сауданы дамытуға мүдделі",- деді.

Иран СІМ өзінің Пәкістан сапарының мақсаттарын мәлімдеп: "Пәкістан – ИИР-ның ең жақын көршісі. Теһран мен Исламабад арасында ерекше қатынас орнаған",- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф сөзінің жалғасында соңғы жылдары Иран мен Пәкістан арасындағы сауда айналымы көлемінің айтарлықтай артқанына тоқталып, бұл салада әлі де көптеген әлеуеттердің бар екенін айтты.

ИИР СІМ сондай-ақ Теһран мен Пәкістан арасындағы саяси қатынастардың өте жақсы екенін мәлімдеді.