Иран – Батыс Азиядағы демократияға ие ең үлкен әрі ең маңызды ел
(last modified Tue, 13 Mar 2018 08:51:03 GMT )
Нау 13, 2018 14:51 Asia/Almaty
  • Иран – Батыс Азиядағы демократияға ие ең үлкен әрі ең маңызды ел

Иранның Жоғары сотындағы Адам құқығы штабының хатшысы: "Иран үшін арнайы инспектор тағайындау ақылға сай келмейтін және екіжүзділік стандарттардан туындаған әрекет саналады. Иран – Батыс Азиядағы демократияға ие ең үлкен әрі ең маңызды ел ",- деп баса айтты.

Мұхаммад Джавад Лариджани дүйсенбі күні өткен Женевадағы БҰҰ Адам құқығы кеңесінің 37 отырысында: "Иран арнайы инспектордың белгіленуіне қарсы болғанына қарамастан, Адам құқығы кеңесінің шешімін құрметтеп, барлық инспекторлармен сындарлы қарым-қатынас орнатып, ирандық мамандар көптеген отырыстарда әртүрлі мәселелерге қатысты пікір алмасты. Адам құқығы саласындағы сындарлы келіссөздерге кедергі болып отырған мәселе – АҚШ пен Батыстың екіжүзді стандарттары. Өйткені, олар адамның ұлты, діні және саяси ұстанымдарымен байланысты. Бірақ, Палестина, Йемен, Сирия және Ауғанстандағы жүздеген мың адамға қарсы қылмыстарға назар аудармайды. Негізінде арнайы инспекторды АҚШ, сионистік режим, Ұлыбритания және Таяу Шығыстағы қылмыстарға қатысатын мемлекеттер үшін белгілеу қажет",- деп  қуаттады.