Амоли Лариджани: БҰҰ Бас хатшысының адам құқығы жөніндегі Иранға қарсы мәлімдемесі негізсіз
(last modified Tue, 13 Mar 2018 09:08:25 GMT )
Нау 13, 2018 15:08 Asia/Almaty
  • Амоли Лариджани: БҰҰ Бас хатшысының адам құқығы жөніндегі Иранға қарсы мәлімдемесі негізсіз

Иранның Жоғары соты: "Әлемнің қоғамдық пікірі халықаралық ұйымдардың адам құқығы туралы қарама-қайшы әрекеттерін қабылдамайды",- деді.

Иранның Жоғары соты аятолла Салық Амоли Лариджани дүйсенбі күні сот басшыларының отырысында БҰҰ Бас хатшысының адам құқығы жөніндегі Иранға қатысты мәлімдемесі туралы: "Өкіншіке орай, бұл мәлімдеме осыған дейінгі мәлімдемелері мен кейбір басқа есептері сынды БҰҰ Бас хатшысының аузынан айтылған Иранның сыртындағы мұнафықтардың революцияға қарсы уәждері болды",- деді.

Иранның Жоғары соты БҰҰ Бас хатшысының міндетінің бұл ағымдардың дауыс зорайтқыш құралы болудан жоғары екеніне тоқталып: "Иранның абақтыларындағы азап-қорлықтар, жыныстық тұрғыдан әділетсіз заңдар мен Ирандағы кейбір өлім жазалары туралы көрсетілген мәліметтер толығымен негізсіз әрі 100 пайыз жалған. Сауд Арабиясы АҚШ пен Ұлыбритания сынды билеп-төстеушілерге сатқан мұнайының долларларымен адам құқығына қарсы әрекеттері, тіпті соғыс қылмыстары үшін айыпталмай отырған кезде Иран адам құқығын бұзды деп айыпталуда",- деді.