Ғасеми: Сауд Арабиясының тақ мұрагері – таяз ойлайтын адам
https://itolqyn.com/news/iran-i35571
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің тіл тигізушілігіне білдірген реакциясында: "Мұхаммад бен Салманның сөздері жауап беруге тұрмайды, өйткені ол таяз ойлайтын адам, ащы және жалған сөйлегеннен басқаны білмейді",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 16, 2018 18:02 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Сауд Арабиясының тақ мұрагері –  таяз ойлайтын адам

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің тіл тигізушілігіне білдірген реакциясында: "Мұхаммад бен Салманның сөздері жауап беруге тұрмайды, өйткені ол таяз ойлайтын адам, ащы және жалған сөйлегеннен басқаны білмейді",-деді.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман бейсенбі күні АҚШ-тың CNN телеарнасына берген сұхбатында өз елінің кінәсін Иранға жабуды жалғастырып, аймақтың қиыншылықтарын шешуге талпынып жатқан және көршілерімен жақсы қарым-қатынастағы ИИР-ды қауіпті деп атап: "Егер Иран атом бомбасын жасаса, Сауд Арабиясы  да тез арада солай істейді",-деді. 

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің қырағылықтан ада, ашуға толы сөздерінің ертедегі жәһілдікті еске түсіретінін айтып: "Йеменнің қоршаудағы қорғансыз әрі қарусыз халқының алдында 3 жылдан астам уақыт бойы тізе бүккен және олардың табандылығынан түн ұйқысынан айырылған ел өзінің армиясы мен экономикасының көлемі жайлы ештеңе айтпаса болады. Иран сияқты өзінен үлкен әрі айбынды елдің алдында байқап сөйлегені жөн",-деп қуаттады.