Иран мен Оман аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту қажеттігін қуаттады
ИИР Президенті Оман Сыртқы істер министрімен кездесуінде Теһран-Маскат қарым-қатынастарын кеңейтіп, нығайтуды қуаттады.
Иран Президенті Хасан Рухани Оман Сыртқы істер министрі Юсуф бин Алавимен Теһрандағы кездесуінде сауда және экономикалық екіжақты ынтымақтастықтарды арттыру үшін екі елдің банктік қарым-қатынастарын кеңейту мен екі елдің бизнесмендерінің қатынасын жеңілдетуді маңызды деп атап: «ИИР Оманмен жан-жақты қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтарын дамытуға мүдделі»,- деді.
Рухани Иран мен Оманның аймақ мәселелерінің алдындағы ауыр міндеті мен екі елдің аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты дамыту жолындағы тәжірибелеріне тоқталып: «Аймақтағы тынышсыздықтар мен тұрақсыздықтардан аймақ елдері басқалардан көбірек зиян шегеді»,- деді. Иран Президенті Йемен халқына қарсы бомбалаулар мен сол елдің халқын қырып-жоюды тоқтату қажеттігін қуаттап, Иран мен Оман ынтымақтастықтарының Йеменде бейбітшілік пен тыныштық орнатуға себеп болатындығына үміт білдірді.
Юсуф бин Әли өткен жылдардағы екі елдің достық қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтарына тоқталып: «Оман әрқашан ИИР-мен жанжақты қарым-қатынас орнатуға ықылас танытып, Иранмен сауда және мәдени ынтымақтастықтарын кеңейтуге талпыныс жасайды»,- деді.