Зариф: Иранның зымырандық күш-қуатын сынға алу – абсолютті аярлық
(last modified Tue, 20 Mar 2018 14:05:45 GMT )
Нау 20, 2018 20:05 Asia/Almaty
  • Зариф: Иранның зымырандық күш-қуатын сынға алу – абсолютті аярлық

ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ пен еуропалық үш мемлекеттің Иранның зымырандық күш-қуатына қатысты ұстанымдарын абсолютті аярлық деп атады.

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні "Твиттердегі" парақшасында АҚШ пен еуропалық үш мемлекеттің қару шығарушыларының аймақтың кейбір мемлекеттеріне ортақ қызмет етуін сипаттап: "Біздің қаруларымызды сатып алыңдар. Біздің үкіметтер сендермен шекаралас елдерге қысым жасау арқылы қорғаныс құралдарын шетке қоюға мәжбүрлеп, сатылымнан кейінгі   қызметті ұсынады. Аймаққа жүздеген миллион долларға қару жіберіп отырған жағдайда Иранның қорғаныстық зымырандық күш-қуатына қатысты шағым түсіру АҚШ пен еуропалық үш мемлекеттің абсолютті аярлығының көрінісі",- деп жазды.

Германия, Франция мен Англия АҚШ Президенті Дональд Трамп  Иран мен "алтылық" тобының ядролық мәселеге қатысты келісімнен шықпауы үшін Еуроодаққа Иранға қарсы жаңа санкция салуды ұсынды. Сол санкцияларға сәйкес  Иранның зымырандық бағдарламасы мен Теһранның Сириядағы әрекеттеріне қатысатын адамдар нысанаға алынатын  болады.