Ғасеми: Саудиялықтар – әлемде лаңкестікті таратушылар
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сенбі күні ,таңертең Сауд режимі Сыртқы істер министрінің Американың Брукинг институтында айтқан уәждеріне реакция білдіріп: "Сауд Арабиясы – аймақ пен әлемде лаңкестік, тынышсыздық, экстремизм мен тұрақсыздықты таратушы ел",- деп қуаттады.
Адел әл-Джубейр бейсенбі күні Брукинг институтында аймақтағы лаңкестікке қарсы күрестің негізгі тіректерінің бірі саналатын Иранды лаңкестікті қолдаумен айыптап, Иранды аймақтың үлкен мәселесі деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бахрам Ғасеми Сауд режимі Сыртқы істер министрінің Американың Брукинг институтында айтқан уәждерін әдеттегідей екіжүзді әрі шындыққа жанаспайды деп баса айтып: "Сауд Арабиясы жоғары лауазымды саясаткерлерінің билікқұмар басшылардың жеріне қадам басқа кезде арсыздықтарының шегінен шығуы бірінші рет емес",- деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы әл-Джубейрдің аймақ, әсіресе Йемен дағдарысын саяси жолмен шешу туралы сөздерінің Сауд Арабиясы үш жылдан астам уақыт бойы барлық саяси бастамаларды тығырыққа тіреп, Йеменнің мазлұмғ құрғақшылықпен кезігіп отырған халқымен бомба, өрт және зорлық-зомбылық тілімен сөйлесіп отырған кезде айтылып отырғанын қуаттады.