Рухани: Аймақ елдерімен қарым-қатынасты нығайту – Иран үкіметінің басымдығы
https://itolqyn.com/news/iran-i35786
ИИР Президенті аймақ елдерімен қарым-қатынасты саяси-экономикалық және қауіпсіздік тұрғысынан нығайтуды Иран үкіметінің сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 27, 2018 23:04 Asia/Almaty
  • Рухани: Аймақ елдерімен қарым-қатынасты нығайту – Иран үкіметінің басымдығы

ИИР Президенті аймақ елдерімен қарым-қатынасты саяси-экономикалық және қауіпсіздік тұрғысынан нығайтуды Иран үкіметінің сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі деп атады.

Иран Президенті аппараты баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани дүйсенбі күні елдің атқарушы, заң шығарушы және сот органдары басшыларының жиналысының соңында тілшілерге берген сұхбатында: "ИИР аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті арттыру мақсатында әрдайым көршілес елдермен ынтымақтастықты нығайту жолында қадам жасап келеді",-деді.

Рухани Түркия, Ресей мен Иран басшыларының жақын болашақта Сирия дағдарысын шешу үшін өткізетін саммитіне тоқталып, осындай отырыстардың Иранның аймақ және әлем елдерімен қарым-қатынасының тереңдей түсуіне септігін тигізетіндігіне үміт білдірді.

Иран Президенті, сондай-ақ, қазір әлемде болып жатқан өзгерістердің Иранның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне, бірлігі мен өндірісіне кері әсерін тигізе алмайтынын қуаттады.