Нау 28, 2018 00:17 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» бағдарламасындағы кез келген уағда бұзушылықтың зардабы бүкіл халықаралық қауымдастық үшін ауыр болмақ

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Аббас Арақчи: «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасы – қауіпсіздік келісімі. Ол тікелей және жанама түрде аймақ пен әлемнің қауіпсіздігіне әсер етеді» деді.

Арақчи «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығудың Батыс елдері, Америка мен Еуропа үшін ауыр салдарлары болатынын айтып: «Келіссөз жүргізіп, келісім жасап, бір тарап өз міндеттемелеріне берік болған кезде  өз міндеттемелерін орындамайтын тараптар жауапкершілікті мойындарына алуы тиіс. Біздің аймақ – тынышсыз аймақ»,‑деді.

Қазіргі жағдайда Иран, Ресей, Қытай мен Еуроодақтың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу жолындағы талпыныстарына қарамастан бұл келісімнен тек бос қаңқа ғана қалды. АҚШ-тың мақсаты Иранның қауіпсіздік және қорғаныс мәселесі мен аймақтық мәселелер төңірегінде жаңа келісімдер жасау үшін жаңа жобаларды орындау болып отыр.

Еуроодақ АҚШ-қа жақтасып, «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын бұзудан өзіне еш пайда келмейтінін біліп отырған сыңайлы. Сондықтан бұл келісімді қолдау арқылы осы одақтың халықаралық деңгейдегі беделін сақтауды көздеп отыр. Бұл одақ екі жолдың біреуін таңдауға мәжбүр: біріншісі – Еуроодақтың жаһандық қатынастағы орнына сәйкес шешім қабылдауда ашықтық пен тәуелсіздікті сақтау; екіншісі – АҚШ-тың қысымдары алдында тізе бүгу. Мұның тек «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасымен шектелмейтіні анық. Мұндай таңдау жолы болашақта Еуроодақ үшін көп шығын әкеледі.

Норвегиялық сарапшы әрі саяси ғылымдар пәнінің ұстазы Сур Лудгард: «Мұндай шаралар белгілі бір саясат аясында сылтау іздеу үшін жасалады. Иран әрдайым келісімге берік болды.  АҚХА да бұл жайтты мойындады»,-деді.

АҚШ – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары арқылы бекітілген беделді құжат «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасының басқа тараптары сияқты осы келісімге қол қойған жеті елдің бірі. 

Көрнекті араб сарапшысы Абдулбари Атаван АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шығуынан туындайтын салдарлар мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың осыған қатысты ұстанымы туралы былай деді: «АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуы немесе оған берік болып қалуы туралы шешімі Таяу Шығыс аймағы, әсіресе Парсы шығанағы үшін өте маңызды болмақ. АҚШ бұл текетірестен жеңіспен шықпайтын сияқты, өйткені қазір халықаралық жағдай өзгерген. Алпауыт ел АҚШ-тың беделі мен осы ел қол қойған келісімдерге деген құрмет төмендейді. Осылайша халықаралық қауымдастықтың Иранмен тілеулестігі артып, АҚШ-тың оқшаулануы арта түседі».

АҚХА-нің Бас директоры Юкиа Аманоның көзқарасы бойынша, «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасының жеңіліс табуы ядролық жұмыстардың дұрыстығын тексерудегі үлкен жеңіліс және бұл салада көпқырлылықтың туындауымен бірдей саналады. АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шығуынан қандай жағдайдың қалыптасатыны әлі анық емес.

ИИР Президенті Хасан Рухани Теһранда Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианмен жуырдағы кездесуінде аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтап, аймақтық  ынтымақтастықтарды арттыру үшін «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын сақтау қажеттігін қуаттап: «Ядролық келісімнің жойылуы баршаның өкінішіне себеп болады»,-деді. 

Егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан алшақтау осындай жылдамдықпен және Трамп пен Болтонның ойларына сәйкес ілгерілейтін болса, келісімнің басқа тараптары, әсіресе Еуропа өз жолын АҚШ-тың қисынсыз қырсықтығынан бөліп алмаса, осы саяси ойында барлық тарап жеңілетін сыңайлы.  

 

Тегтер