Рухани Ресей Президентіне көңіл айтты
https://itolqyn.com/news/iran-i35796
ИИР Президенті Ресей Президентіне хат жолдап, осы елдегі сауда орталығында орын алған өртте 60-тан астам ресейлік азаматтың қаза болғанына байланысты көңіл айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 28, 2018 17:48 Asia/Almaty
  • Рухани Ресей Президентіне көңіл айтты

ИИР Президенті Ресей Президентіне хат жолдап, осы елдегі сауда орталығында орын алған өртте 60-тан астам ресейлік азаматтың қаза болғанына байланысты көңіл айтты.

Жексенбі күні Ресейдің Сібір аймағында орналасқан Кемерево қаласындағы "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен 64 адам, соның ішінде көптеген бала қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Хасан Рухани сейсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путинге жолдаған хатында: "Ресейдің Кемерево қаласындағы "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттің 60-тан астам адамның, соның ішінде көптеген баланың өмірін жалмауы өкініш тудырып, қайғыға батырды",-деді.

ИИР Президенті Ресей Президенті мен осы оқиға құрбандарының туыстарына көңіл айтып, Путин мен Ресей халқын сабыр сақтап, берік болуға шақырды.