Иран армиясының бас қолбасшысы зымырандық әлеуетті жоғарылатуды қуаттады
(last modified Fri, 05 Feb 2016 02:55:15 GMT )
Ақп 05, 2016 08:55 Asia/Almaty
  • Иран армиясының бас қолбасшысы зымырандық әлеуетті жоғарылатуды қуаттады

Иран Ислам Республикасы армиясының бас қолбасшысы дивизия басшысы Атаолла Салехи бейсенбі күні Теһранда тілшілермен өткен баспасөз маслихатында Иранның зымырандық әлеуетінің күшейе түсетінін қуаттады.

Дивизия басшысы Салехи санкциядан кейінгі кеңістік пен оның Иранның қорғаныстық әлеуетіне әсері туралы сауалға берген жауапта: "Иранға қарсы қарарларды орындамау «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын бұзу деген сөз емес. Армия өзінің зымырандық бағдарламаларын жалғастыра береді" деді.

Иран Ислам Республикасы армиясының бас қолбасшысы Иранның зымырандық бағдарламасының дос және көршілес елдер үшін қауіпті еместігін баса айтып: "Иранның зымырандық әлеуеті Иранның жауларына, соның ішінде Израиль режиміне тосқауыл қоюды көздейді" деді.