Зариф: АҚШ – Арабстанның Йеменде адами апат тудырудағы негізгі сыбайласы
https://itolqyn.com/news/iran-i35836-Зариф_АҚШ_Арабстанның_Йеменде_адами_апат_тудырудағы_негізгі_сыбайласы
ИИР Сыртқы істер министрі Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында АҚШ-тың Йемен соғысына араласуын айыптап, АҚШ-тың Йеменде пайда болған әлемдегі ең ірі адами апатқа қатысын адам сенгісіз деп сипаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 30, 2018 19:08 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ – Арабстанның Йеменде адами апат тудырудағы негізгі сыбайласы

ИИР Сыртқы істер министрі Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында АҚШ-тың Йемен соғысына араласуын айыптап, АҚШ-тың Йеменде пайда болған әлемдегі ең ірі адами апатқа қатысын адам сенгісіз деп сипаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында: "АҚШ Йемен соғысында Сауд Арабиясын қару-жарақпен қамтамасыз етіп, саудиялық қырғи ұшақтарға нысаналардың координаттарын беріп, оларды отынмен қамтамасыз ету арқылы Йеменде пайда болған әлемдегі ең ірі адами апаттағы Сауд әулеті қылмыстарының негізгі сыбайласы болып табылады. Бүгінде АҚШ Йемен соғысын жоспарлап, оны басқару арқылы өз мүдделерін іске асырып, Таяу Шығыстағы қайшылықтарды шиеленістіруді көздеп отыр",- деп жазды.

Сауд Арабиясы кейбір араб елдері, атап айтқанда БАӘ-мен бірігіп, үш жыл бұрын Йеменнің отставкаға кеткен президенті Абд-Раббу Мансур Хадиді билік басына қайтаруды сылтауратып, бұл елге қарсы әскери басқыншылық бастап, оны құрлық, теңіз және әуе арқылы қоршауға алған болатын.