Зариф: Газа секторындағы қанқұйлы оқиға – масқарашылық
Иран Сыртқы істер министрі Газа секторында орын алған қанқұйлы оқиғаны масқарашылық деп атады.
Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Газа секторында орын алған оқиғаға реакция білдіріп, Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Хазірет Мұса мен оның халқының зұлымдық пен езгіден құтылғанын еске салатын Пасха мерекесінің кешінде қатыгез сионистер жерлері ұрланған бейбітшілік талап етуші палестиналықтар өздерінің мазлұмдықтары мен адамгершілікке жатпайтын нәсілшіл тұтқындықтан құтылу үшін шеруге шыққан кезде оларды өлтірді. Бұл – барып тұрған масқарашылық",- деп жазды.
Он мың палестиналықтың бейбіт шеруінің жалғасында наурыздың отызы "Жер күніне" орай сионистік режимнің әскерилері пайда болған төтенше жағдайды пайдаланып, 16-ға толмаған 15 палестиналықты шәһид етіп, 1500-ға жуық адамды жаралаған.
Бұл бірде-бір палестиналық қаруланбаған және сионистік әскерилер үшін ешқандай қауіп төндірмеген жағдайда орын алып отыр.
Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсету және құтқару органдарынан аймақтың ауруханаларына дәрі-дәрмек пен қажет медициналық жабдықтарды жіберуді сұрады.