Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ұйымы сионистік режимнің қылмыстарын айыптады
https://itolqyn.com/news/iran-i35906-Исламдық_мазхабтарды_жақындастыру_әлемдік_ұйымы_сионистік_режимнің_қылмыстарын_айыптады
Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ұйымының Бас хатшысы сионистік режимнің "Жер күні" палестиналық шерушілерге қарсы жасаған қылмыстарын айыптады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 03, 2018 15:02 Asia/Almaty
  • Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ұйымы сионистік режимнің қылмыстарын айыптады

Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ұйымының Бас хатшысы сионистік режимнің "Жер күні" палестиналық шерушілерге қарсы жасаған қылмыстарын айыптады.

"Меһр" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ұйымының Бас хатшысы аятолла Мохсен Араки  сионистік режимнің қылмыстарын айыптайтын мәлімдеме жариялап: "Қылмыскер сионистер "Жер күні" Палестинаның мазлұм халқының құқықтарын бұзып, оларды қырып-жою бағытында әрекет жасады. Палестинаның қаһарман әрі жанкешті халқы өз жерлерін сионистерден азат етуді мақсат етеді. Сондықтан ұлттық күн саналатын "Жер күнін" салтанатты түрде өткізді",- деді.

Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ұйымының Бас хатшысы ислам үмбеті мен әлемнің барлық азат халықтары мен қырағы ұжданға ие адамдарын Палестина халқын қолдауға шақырып, палестиналықтардың жерлерінде қалашықтар құрылысын жалғастыру қастандығына рұқсат бермеуге шақырды.

Израильдік әскерилердің өткен жұма күнгі шабуылдары салдарынан кемінде 18 палестиналық шәһид болып, 1400-ден астам адам жарақат алды.