Арақчи: Иран зымырандық мәселе бойынша келіссөз де жүргізбейді, мәміле де жасамайды
(last modified Sun, 03 Apr 2016 08:28:46 GMT )
Сәу 03, 2016 14:28 Asia/Almaty
  • Арақчи: Иран зымырандық мәселе бойынша келіссөз де жүргізбейді, мәміле де жасамайды

Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары: "Зымырандық бағдарлама Иранның ұлттық қауіпсіздігі мен қорғанысына қатысты мәселе. Ислам Республикасы бұл жайында ешкіммен келіссөз жүргізбейді" деді.

ИСНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары әрі ядролық келісімгер тобының аға мүшесі сейіт Аббас Арақчи сенбі күні кешке Иранның екінші телеарнасына берген арнайы сұхбатта: "Санкциялар мәселесіне келсек, санкциялардың бір бөлігінің жойылуы техникалық мәселелерге байланысты ұзаққа созылуы мүмкін. Басқа жақтан, бастапқы санкциялар мен кейінгі санкциялар араласып кеткен. Осы саладағы мәселелердің келесі мәселеге америкалықтардың әріптестік жасамауы жатады" деді.

Арақчи "Ортақ қадам" бағдарламасынан кейін туындайтын мәселелердің бірі аталмыш бағдарлама мен ИИР-ның зымырандық бағдарламасының арасында байланыстың болу, болмауы екенін баяндап: "Ислам Республикасы "Ортақ қадам" бағдарламасының жүзеге асырылуынан бұрын "Эмад" зымыранын сынақтан өткізген кезде америкалықтар мен еуропалықтар "Ортақ қадам" бағдарламасының бұзылмағанын кесімді түрде мәлімдеген болатын" деді.