Зариф: Иран Палестина халқының қарсыласуын қолдайды
Иран СІМ бүгін таңертең Палестина Исламдық Қарсыласу қозғалысының саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Һаниемен телефон арқылы сұхбатта Палестинаның мазлұм халқына, әсіресе Газа аймағының қорғансыз тұрғындарының сионистік режим тарапынан шәһид болуына байланысты көңіл айтып, ИИР-ның Палестина халқының қарсыласуын қолдайтынын қуаттады.
Mehr хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Мохаммад Джавад Зариф телефон арқылы сұхбатта ислам әлемі мен БҰҰ-ның Палестина халқының заңды талаптарына көңіл бөліп, сионистік режимнің жуырдағы қылмыстарын айыптау үшін жан-жақты шара қолдану қажеттігіне тоқталып, ИИР-ның осы мәселенің БҰҰ-ның Бас ассамблеясы мен Қосылмау қозғалысы және Ислам Ынтымақтастық Ұйымында қарастырылуын қадағалауды жоспарлағанын хабарлады.
Исмаил Һание де телефон арқылы сұхбатта ИИР-ның Қарсыласу қозғалысы мен Палестина халқын қолдаудағы принципті саясаттарына алғыс айтып, сионистік режим әскерилерінің жұма күнгі Газа секторындағы қылмыстары туралы есеп ұсынды.