Зариф: Палестина әрқашан Қосылмау қозғалысына мүше елдердің ең маңызды мәселесі болды
https://itolqyn.com/news/iran-i35986-Зариф_Палестина_әрқашан_Қосылмау_қозғалысына_мүше_елдердің_ең_маңызды_мәселесі_болды
Иран Сыртқы істер министрі бір халықтың ең негізгі, яғни өз тағдырын анықтау құқығының қатерге тірелуіне байланысты Палестина әрқашан Қосылмау қозғалысына мүше елдердің ең маңызды мәселесі болғанын қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 06, 2018 18:29 Asia/Almaty
  • Зариф: Палестина әрқашан Қосылмау қозғалысына мүше елдердің ең маңызды мәселесі болды

Иран Сыртқы істер министрі бір халықтың ең негізгі, яғни өз тағдырын анықтау құқығының қатерге тірелуіне байланысты Палестина әрқашан Қосылмау қозғалысына мүше елдердің ең маңызды мәселесі болғанын қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Қосылмау қозғалысының министрлік комитетінің отырысында бұл Қозғалыстың құрылғанынан бері Палестина тақырыбына назар аударып келе жатқанына тоқталып: "Палестиналықтарды өз тағдырын шешу құқығынан айырған басқыншы Израиль өткен 70 жылда Палестина халқына қарсы қылмыстардың орталығы болды",- деді.

Зариф аймақтың кейбір үкіметтерінің сионистер мен олардың қолдаушыларымен достық қарым-қатынас орнату сияқты қысқа мерзімді саясаттарының бұл режимнің қылмыстарының шектен шығуына себеп болғанына сілтеме жасап: "Сионистік режимді қолдайтындар Израильдің палестиналықтардың қанын төгіп жатқан қылмыстарына да ортақ",- деді.

Зариф АҚШ үкіметінің біржақты әрекеттері мен саясаттарының, әсіресе қасиетті Құдсты Израильдің астанасы ретінде жариялап, АҚШ елшілігін бұл қалаға ауыстыру шешімінің аймақтың жағдайын одан сайын қиындатқанын қуаттап: "Бұл әрекеттер халықаралық құқықтар мен БҰҰ-ның Бас ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына қайшы және АҚШ-тың еш уақытта бейтарап арағайын болмағанын көрсетті",- деді.