Қазақстан Еуразиялық одақ пен Еуропа одағын жақындастыруға талпыныс жасауда
(last modified Sun, 03 Apr 2016 08:48:55 GMT )
Сәу 03, 2016 14:48 Asia/Almaty
  • Қазақстан Еуразиялық одақ пен Еуропа одағын жақындастыруға талпыныс жасауда

Қазақстан Президенті Еуропа одағы, Еуразиялық одақ пен Шанхай ынтымақтастық ұйымын жақын ынтымақтастық жасауға шақырды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік отырысы аясында сөйлеген сөзінде Қазақстан парламенті тарапынан елдің Еуропа одағымен ынтымақтастығын арттыру туралы келісімнің бекітілгеніне тоқталып: "Осы келісімнің кейбір тараулары ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап күшіне енгізіледі. Кеілісім толығымен жүзеге асырылуы үшін Еуропа одағына мүше 38 елдің барлығы оны бекітуі керек. Еуропа кеңесі басшылары және Еуропа комиссиясының қайраткерлерімен келіссөздердің басты өзектерінің бірі - Қазақстанның әуе тасымалы компанияларының Еуропаға ұшу рейстеріне қатысты шектеулерді бейтараптандыру және виза беруді жеңілдету болып табылады" деді.

Елбасы Қазақстанның осы мәселе бойынша мақсат қою және сауда шектеулерін жою үшін Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропа одағы арасында ортақ отырыс өткізуді ұсынатынын айтып:

"Егер Еуропа одағы, Еуразиялық одақ пен Шанхай ынтымақтастық ұйымы еркін сауда кеңістігін құрса, осы ұйымдарға мүше барлық елдер пайда көреді" деді.

Қазақстан Президенті сөзінің жалғасында лаңкестікпен күрес пен лаңкестердің ядролық және жаппай қырып-жою қаруларына қол жеткізуінің алдын алудың маңыздылығын қуаттады.