Жетекші көзқарасы: дұшпанға қарсы әскери қуат пен тежегіш күшті сақтау – қажеттілік
(last modified Mon, 09 Apr 2018 11:00:28 GMT )
Сәу 09, 2018 17:00 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: дұшпанға қарсы әскери қуат пен тежегіш күшті сақтау – қажеттілік

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні түстен кейін елдің Қарулы күштерінің бір топ қолбасшысын қабылдауында қажет мезгілде жеткілікті қуат, қауіпсіздік, ғиззат пен әлеуетті Қарулы күштердің негізгі мақсаттары деп атады.

Революция жетекшісі осы мақсаттардың маңыздылығын баса айтып, қазіргі кезеңді ИИР-ның ғиззатының кезеңі деп атап: "Ислам жүйесіне қарсы бұрын-соңды болмаған түрде жасалып жатқан шабуылдар жүйенің күннен-күнге артып келе жатқан қуатына байланысты. Себебі, дұшпандар артып келе жатқан қуаттан қатты қауіптеніп, шабуылдарын арттыра түсті",- деді.

Ислам революция жетекшісінің қарулы күштердің жетістіктерін тереңдетіп, олардың қорғаныстық қуатын сақтау және арттыру жолында әрекет ету қажеттігін қуаттауы үлкен маңызға ие.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи осы мәселе жайлы мұның алдында да имам Әли (ғ.с) атындағы әскери университет түлектерінің оқу бітіру рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Бүгінде үстемшілдік біздің қуатымыздың бүкіл аймақты қамтуына байланысты бізбен күресуде. Бұл – Ислам республикасының қуаты. Біздің көзқарасымыз бойынша, ұлттық қуаттың элементі саналатын нәрсе біздің дұшпандарымыздың көзқарасы бойынша, кедергі тудырушы фактор саналады. Сондықтан олар осы мәселемен күресіп жатыр. Олар ислам республикасы қуатының аймақ халықтары арасында және аймақтан тыс деңгейде дамуына қарсылық білдіруде. Себебі, бұл күш-қуаттың негізгі факторы әрі мемлекетіміздің стратегиялық тереңдігі саналады. Олар еліміздің қорғаныстық қуаты мен әскери күшіне қарсылық білдіруде. Біздің дұшпандар күш-қуатқа жеткізетін кез келген құрал мен ұлттық қуаттың элементіне қарсы",- деді.

ИИР ешқашан аймақта әскери шиеленіс пен қақтығыс тудыруды көздемеген. Бірақ, дұшпандар мен басқыншыларға кез келген тиісті уақыт пен жерде қауіпсіздікті бұзатын факторлар және элементтермен күресетінін көрсетті. ИИР өзінің қорғаныстық әлеуеттері мен тежегіш қуатын арттыру үшін ешкімнің рұқсатын қажет етпейді.

ИИР қауіп-қатерлерге қарсы өзінің тежегіш қуатын сақтап қалу үшін келесі екі нәрсені шындап мақсат етуі тиіс:

бірінші мақсат – қорғаныстық тұрғыдан стартегиялық маңызға ие қажет салаларда, әсіресе зымырандық қорғаныстық қуат саласындағы өнеркәсіптерді жергіліктендіру;

екінші мақсат – кадр дайындау, кәсіби мамандарды тәрбиелеп, дамыған білім беру механизмдерін пайдалану мен осы бағыттағы әрекетті жылдамдату мақсатында қажет ынтыландыру жұмыстарын жүзеге асыру.

Бір бөлігі Қарулы күштердің дамуы мен ілгерілеуі арқылы көрініс табатын Иран халқының қуаты теріске шығаруға келмейтін шындық саналады.

АҚШ-тың Орталық Барлау Агенттігінің бұрынғы басшысы, Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Помпео: "Иран – аймақ деңгейінде үлкен ықпалға ие қуатты мемлекет. Иранмен күресу мүмкін емес",- деген болатын.

Атақты америкалық теоретик Ноам Хомский осы салада АҚШ-тың Иранға қарсы айып тағуына тоқталып: "Әлем Американы әлемдік бейбітшілікке төніп тұрған ең үлкен қауіп санаған жағдайда АҚШ Иранды бейбітшілікке төнген ең ірі қатер деп біледі",- деді.

ИИР аймақтағы ең қуатты әрі ең ықпалды саяси-әлеуметтік және әскери құрылым ретінде танылған жағдайда өз өмірінің қырқыншы жылына аяқ басты. ИИР-ның соңғы жылдары аймақтық дағдарыстарды бақылауда атқарған рөлі Иран қарулы күштерінің әзірлігі мен алатын орнының маңызын көрсетіп отыр.

 

 

Тегтер