Лариджани: Иранның зымырандық қорғаныс әлеуеті күшейтіледі
(last modified Sun, 03 Apr 2016 15:01:21 GMT )
Сәу 03, 2016 21:01 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иранның зымырандық қорғаныс әлеуеті күшейтіледі

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иран өзінің зымырандық қорғаныс әлеуетін күшейтуді қуаттайды деді.

Ислам кеңесі мәжілісі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани бүгін жексенбі күні мәжілістің ашық отырысында Иранның қорғаныстық сақтандыру тұрғысынан жақсы күшке ие екенін мәлімдеп: «Иранның қорғаныстық әлеуеті тұрақтылық пен баянды қауіпсіздіктің және лаңкестерді басып-жаншудың да факторы болған.

Кейбір Батыс елдерінің жуықта зымырандық мәселені сылтауратуы Иранның қауіпсіздік қуат- қарымына тосқауыл қою үшін ұзақ мерзімді саясат болып табылады. Сол себепті ИИР өзінің қорғаныстық әлеуетін, әсіресе зымырандық қырынан күшейтуді мақсат етуде» деді.

Лариджани Әзірбайжан республикасы мен Армения арасындағы шекаралық қақтығысқа да алаңдаушылық білдіріп, екі елдің парламенті мен үкіметтерінен келіссөз арқылы қазіргі кикілжіңді шешуге мүдделік танытты.

Иранның Заң шығару билігінің төрағасы сондай-ақ сионистердің палестиналықтардың қорғануымен қауіпсіздік пен тыныштықтан айрылғандарын айтып, палестиналық жастардың сионистік режимнің қысымдарының нәтижесінде шыдамдары таусылып, өздерін қорғау үшін суық қару қолдану арқылы сионистердің тыныштығын бұзып отырғанын ескерді.