Иран 2 млн баррель мұнай мен газ өнімдерін экспорттады
(last modified Sun, 03 Apr 2016 15:26:21 GMT )
Сәу 03, 2016 21:26 Asia/Almaty
  • Иран 2 млн баррель мұнай мен газ өнімдерін экспорттады

Иранның Мұнай министрі Иранның мұнай және газ өнімдері экспортының күніне 2 миллионнан астам баррельге жеткенін хабарлады.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане Мұнай министрлігінің қызметкерлерін қабылдауында: «Оңтүстік Парс фазалары мен Парсы Шығанағындағы «Сетаре» мұнай өңдеу кәсіпорнын аяқтау Иран мұнай өнеркәсібінің жоғары бөлімінің хиджри шамси жыл санағы бойынша 1395 жылдағы ең маңызды басты бағдары болып табылады» деді. Бижан Намдар Зангане сондай- ақ Иранның мұнай- химия бөлімінің ең маңызды басты бағдарын мұнай- химияның зауытының аяқталмаған бөлімшелерінің ісін бітіру деп атап: «Қолданыстағы бөлімшелер үшін мұнай- химия өңдеу кәсіпорындарының шикізатын арттыру Мұнай министрлігінің келесі басты бағдары болып табылады» деді.