Ердоған Обаманың Түркияға қарсы мәлімдемелерін сынады
(last modified Sun, 03 Apr 2016 16:00:08 GMT )
Сәу 03, 2016 22:00 Asia/Almaty
  • Ердоған Обаманың Түркияға қарсы мәлімдемелерін сынады

Түркия президенті өзінің америкалық әріптесінің Түркияда сөз бостандығының өрескел бұзылуы және демократияның әлсіз үдерісі жөніндегі сын-пікірлеріне өкініш білдірді.

ИРНА- ның жексенбі күнгі мәліметі бойынша, Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Барак Обаманың Түркиядағы адам құқығы жағдайын сынауына наразылық танытып, Обаманың онымен екі жақты сұхбатта мұндай сөз айтпағанын, оны тілшілерге берген сұхбатта баяндауын өкінішті деп атады.

Түркия президенті сондай- ақ Анкара үкіметінің ақпарат құралдарына қатты қысым жасап отыр деген кейбір хабарларды қабылдамай, елінде тілшілерге шектеу қоятын ешқандай заң жоқ деген уәж айтты.

Шекарасыз тілшілер ұйымы жуықта жариялаған рейтингте Түркия 180 елдің арасында 149- шы орында тұрған жағдайда Ердоған Түркияда сөз бостандығы бар деген уәж айтып отыр.