Сәу 20, 2018 19:50 Asia/Almaty
  •  Бүгін хазірет имам Хусейн (ғ.с.)-ның туған күні

Исламдық Иран үшінші имам әрі шәһидтердің сардары хазірет Хусейннің (ғ.с.) туған күні шаттық пен қуанышқа бөленуде.

Бүгін, жұма, 2018 жылдың 20 сәуірі, сәйкесінше хиджри қамари күнтізбесі бойынша 1439 жылдың 3 шағбаны –  үшінші имам әрі шәһидтердің басшысы хазірет Хусейннің (ғ.с.) туған күні. Бұл күн имам Хусейннің құрметіне орай Иранда Сақшылар күні деп аталған.

Шағбан айының үшінші жұлдызы – Ислам мен хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) шариғатын сақтаушы ұлы адамның туған күні. Ол Кербала даласында теңдессіз  жанкештілік көрсетіп, әлем жұртшылығына азаттық пен абыройдың дәрісін үйретті. Бұл ұлы тұлға – Құран Кәрім мен Исламды қорғаудың көрнекті үлгісі.

ИИР-ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейни  имам Хосейннің (ғ.с,) туған күнін үшінші имамның қырағылығы, азаттық сүйгіштігі мен қадір-қасиеті Ислам революциясы сақшыларының өмір жолына әрдайым үлгі болуы үшін Сақшылар күні деп атады.

ИИР Телерадио бірлестігі барша мұсылмандар мен әлемнің азаттық талап етушілерін осы күнмен құттықтайды.

 

 

 

Тегтер