Рухани: Иранның валюталық жаңа саясаты – америкалықтарға берілген мықты жауап
ИИР-ның президенті америкалықтардың «Ортақ қадам» келісіміне қатысты кез келген шешімінің Теһран үшін ешқандай мәселе тудырмайтынын қуаттап, Иранның валюталық жаңа саясатының алдын алу шарасы және америкалықтарға берілген мықты жауап болғанын айтты.
Хасан Рухани сенбі күні Үкіметтің жоғары лауазымды басшыларымен өткізген отырыста валюта мәселесі бойынша Американың 2018 жылдың мамыр айының 12 күні «Ортақ қадам» келісімінен шығу ықтималына Иранның соққы жасағанын айтып: «Америкалықтар мамыр айының 12 күнгі әрекеттерімен Иран халқына қарсы әрекет жасап, ішкі нарықты бұзуға үміттенді. Бірақ, Иран Үкіметі алдын алу шарасымен халықтың көңілін тыныштандырды. «Ортақ қадам» келісімі болсын, болмасын, америкалықтар осы келісімде қалсын, қалмасын, Үкіметтің жүзеге асырған валюталық жаңа саясаттарымен олардың барлық қастандықтары залалсыздандырылады. Бүгінде америкалықтар не істерлерін білмей, сарсылып отыр. Америкалықтардың күні бір сағаттан соң не істерін білмейтін адамға түсті. Баршаның назары президенттері кеше түнде түсінде не көрді, бүгін таң атқан соң не істер екен деп соның Твиттердегі парақшасына ауған» деді.