Салехи: Америка «Ортақ қадам» келісімінен шыққан жағдайға олар айран-асыр болатындай дайынбыз
(last modified Sun, 22 Apr 2018 03:23:59 GMT )
Сәу 22, 2018 09:23 Asia/Almaty
  •  Салехи: Америка «Ортақ қадам» келісімінен шыққан жағдайға олар айран-асыр болатындай дайынбыз

Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Америка «Ортақ қадам» келісімінен шыққан жағдайға ИИР-ның техникалық тұрғыдан қарсы тарап айран-асыр болатындай толығымен дайын екендігін, бұл сөздің асыра айтқандық емес екендігін мәлімдеді.

Иран Телерадио ұйымының мәліметіне сәйкес, Али Акбар Салехи бүгін сенбі күні Үкіметтің жоғары лауазымды басшыларымен Америка «Ортақ қадам» келісімінен шыққан жағдайға қатысты өткен отырыс аясында ИИР-ның олардың шешіміне жан-жақты тұрғыдан әзірлігін мәлімдеп, қарсы тараптың ақылға келітіндігіне үміт білдірді.

Салехи ядролық аурухана бағдарламасына тоқталып: «Ядролық аурухана жақсы ілгерілеуде. Жобалау жұмыстары толығымен жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары басталады деп күтудеміз» деді.  

 

Тегтер