Революция жетекшісі қуатты, ықпалды әрі революцияшыл әскер құру қажеттігін қуаттады
(last modified Mon, 23 Apr 2018 12:08:54 GMT )
Сәу 23, 2018 18:08 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісі қуатты, ықпалды әрі революцияшыл әскер құру қажеттігін қуаттады

Ішкі қуатқа иек арту мен Қасиетті қорғаныс кезеңдерінің маңызды жетістіктерін пайдалану бүгінгі таңда исламдық Ираннан бірде-бір тараптың аузынан шыққан қоқан-лоққыларын жүзеге асыруға батылы бармайтындай қуатты тежегіш күш қалыптастырды.

Ислам революциясының жетекшісі әрі Иранның бүкіл қарулы күштерінің Бас қолбасшысы хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні ИИР Әскерінің құрлық күштері қолбасшыларын қабылдауында: "Әскердің ертеңі бүгіннен әлдеқайда қуаттырақ, ықпалдырақ және революцияшылырақ болуы үшін ілгерілеушілік пен даму одан әрі жалғаса беруі тиіс",- деді.

Ислам революциясы жетекшісінің Қарулы күштердің ілгерілеуші әрекетін тереңдету қажеттігін қуаттауы Қарулы күштердің қоқан-лоққылармен күресудегі қабілеттерін күннен-күнге нығайтудағы маңыздылығына байланысты.

Иранның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы Амир Хатами осы мәселеге қатысты: "Иранға қарсы дұшпандықтардың тереңдігіне байланысты Иранда ислам республикасының қорғаныс мүмкіндіктеріне қол жеткізуіне себеп болатын стратегиялық көзқарас қалыптасқан",- деді.

Қасиетті қорғаныс кезеңдеріндегі тәжірибе мен аймақта қалыптасқан сезімтал жағдайға байланысты қорғаныстық элементтерді нығайтып, осы саладағы ілгерілеуді одан әрі жалғастыру қауіпсіздік мақсаттағы қажеттілікке айналған. Сол себепті осы саладағы тоқтаусыз және алға бағытталған әрекет одан әрі жалғасуы керек. Иранның ешқандай басқыншылық мақсатты көздемейтіндігіне ешбір күмән жоқ. Алайда Иран Қарулы күштерінің ең жоғары дәрежедегі күштері аймақтағы жалпы тұрақтылық пен қауіпсіздікті бұзуда деп үнемі айтылып келді. Қорғаныстық және әскери критерийлерге сәйкес, ИИР қазір қоқан-лоққыларға қарсы қажетті тежегіш күшке ие. Мұндай дайындық деңгейі ішкі әлеуеттерді пайдалану, зияткерлік күштердің, әсіресе жастардың революцияшыл рухпен қорғаныс өнеркәсібі және білім беру салаларындағы қажет бөлімдердегі қажырлы әрі жасампаз еңбегінің нәтижесі саналады. Мұнымен қатар, Иранның барлық қорғаныстық органдары, соның ішінде Әскер мен Ислам революциясы Сақшылар корпусы арасындағы үйлесімді әрекеттер мен мықты байланыстың арқасында Иранның қорғаныстық қуаты тежегіштік және қоқан-лоққылармен күресу қабілеті тұрғысынан ең жоғары дәрежеге жеткен.

ИИР президенті Хасан Рухани осы мәселе жайлы: "Біз өз халқымыз бен елімізді қорғау үшін қажет кез келген қару түрін жасау, қаруларды сақтау және керек кезде өзімізді қорғау үшін осы қаруларды пайдалануда күмәнданбаймыз",- деді.

Революция жетекшісі әрі бүкіл қарулы күштердің бас қолбасшысы Әскердің бұрынғы персоналының құнды тәжірибесі мен іскерлігіне ризалығын білдіріп, әскер қатарындағы жастардың жарқын болашағына үміт артып, Әскердің қуатын дамытып, әлеуетін арттыру қажеттігін қуаттады.