Зариф: Саудиялықтар Иранға қоқан-лоққы жасау үшін АҚШ-қа аттанды
Иран Сыртқы істер министрі: "Аймақ келіссөздерді қажет етіп отырған жағдайда саудиялықтар Иранға қоқан-лоққы жасау үшін АҚШ-қа аттанды",- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні АҚШ Сыртқы қарым-қатынастары кеңесінің институтында аймақтағы қақтығыстар мен аймақтың өзгерістерді қажет ететіндігіне тоқталып, басты әрі негізгі қадам ретінде келіссөздерге жол ашу қажеттігін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі қазіргі ғасырдың соғыстарының жеңімпазының болмайтыны және барлық жақтың жеңілетіндігіне назар аудартып: "Құдыретті аймаққа ие болу үшін аймақта ең мықты болуға талпыну қажет емес. Егер әрбір мемлекет ең құдыретті болуға талпынса, аймақтың жойылуына қадам басқаны",- деді.