Зариф: АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының 36-шы бабын ресми түрде бұзды
https://itolqyn.com/news/iran-i36452
ИИР Сыртқы істер министрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясына шағым түсіруді Трамп шешімін жариялағаннан кейінгі Иранның ықтималды әрекеттерінің бірі деп атап: "Бұл жолы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының 36-шы бабын бұзу құжаттар арқылы расталады",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 24, 2018 18:19 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ

ИИР Сыртқы істер министрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясына шағым түсіруді Трамп шешімін жариялағаннан кейінгі Иранның ықтималды әрекеттерінің бірі деп атап: "Бұл жолы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының 36-шы бабын бұзу құжаттар арқылы расталады",- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні БҰҰ-да Бельгия Сыртқы істер министрі Дидье Рейндерспен кездесуден кейін: "Осы уақытқа дейін Теһран екі жарым жылдың ішінде 11 рет ресми түрде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының комиссиясына шағым түсірді. Бұл жолы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының 36-шы бабының бұзылғаны ресми түрде дәлелденеді",- деді.

Зариф Еуропаның АҚШ-ты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалдыру талпыныстары туралы: "Еуропалықтар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы Иранның рөлін сақтап қалуды басты мәселе санауы керек",- деп баса айтты.