Рухани: Иран халқы АҚШ-тың кез келген қастандығына төтеп береді
Сәу 24, 2018 22:34 Asia/Almaty
ИИР Президенті: «Ақ үй өз міндеттеріне берік болса да, болмаса да, Иран халқының олардың кез келген қастандықтары мен жоба-жоспарларына күш-қуатпен төтеп беретінін білсін»,-деді.
ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Тебризде Иранның солтүстік-батысындағы Шығыс Әзірбайжан облысының халқымен кездесуінде: «АҚШ, сионистер мен аймақтағы реакцияшыл арабтардың қастандығы ИИР-ның дамуына әсер етпейді. Ақ үйде отырғандар өздерінің міндеттемелері, өркениеті мен адамгершілігіне берік болсын, болмасын, Иран халқы мен оның өкілі ретіндегі үкіметтің олардың қастандықтары мен жоба-жоспарларына төтеп беретінін білсін. Ешкім Иран халқының сағын сындырып, үмітін жоя алмайды»,-деді.
Тегтер