Рухани: Еуропа Трампты «Ортақ қадамда» қалуға көндірудің құнын төлеуі керек
ИИР-ның президенті: ««Ортақ қадам» келісіміне бір сөйлем қосылмайды немесе кемітілмейді. Еуропа егер Америка президенті Дональд Трампты «Ортақ қадам» келісімінде қалуға көндірсе, оның құнын өзі төлеуі керек» деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күні Иранның солтүстік-батысындағы Шығыс Әзірбайжан облысына жасаған сапарының соңында өткізген хабар брифингінде Еуропаның Америкамен «Ортақ қадам» туралы келісімінің ИИР-на қатысы жоқтығын қуаттап, Батыс елдеріне егер Иранның мүддесі қамтамасыз етілмесе, ешқандай келісімнің болмайтынын ескертті.
ИИР президенті Иранның «Ортақ қадам» келісімі бұзылатын жағдайға жаңа әрі жан-жақты бағдарлама дайындағанын айтып, Америка президентін егер аталмыш келісім бұзылатын болса, Иранның тез арада өзінің бейбіт мақсатты ядролық жұмыстарын жалғастыратынын ескертті.
Рухани сонымен қатар америкалық әскерилердің аймақта орналасуын сынға алып, бұл орналасудың салдарының аймақ қауіпсіздігіне себеп болатынын айтып: «Трамптың арабтарға «Тірі қалуларың үшін маған ақша бер» деуі ислам әлемінің халқын қорлау саналады» деді.